Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
Жасөспірімдер Олимпиадасы Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатыр.
ашық дереккөзден
Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдесін иеленді. Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Бразилия өкілі Сара Кампоспен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің алғашқы раундында Ақнұр басымдық танытқанымен, кейінгі екі раундта қарсыласы қарқынын үдетіп, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Ақнұр ширек финалда сенегалдық Хадидиату Буароны 5:0, жартылай финалда украиналық Евангелина Петрукты 4:1 есебімен жеңіп, финалға шыққан болатын.
Еліміздің атынан жасөспірімдер Олимпиадасында 11 спорт түрінен 18 спортшы бақ сынап жатыр.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу