Айбар Қайым жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты
Финалда қазақстандық спортшы Түркия өкілі Джандениз Берракпен кездеседі.
ашық дереккөзден
Қазақстандық семсерлесуші Айбар Қайым Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының финалына жолдама алды.
Отандасымыз жартылай финалда Сингапур өкілі Эштон Аутты 15:13 есебімен жеңді. Енді Айбар жасөспірімдер Олимпиадасының алтын медалі үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылғы 31 қазан мен 20 қараша аралығында Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатыр.
Финалдық бәсеке бүгін, 13 қараша күні өтеді.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу