Маурисио Почеттино «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері атанды
Аргентиналық маман бұған дейін «Челси», «Пари Сен-Жермен», «Тоттенхэм», «Саутгемптон» және «Эспаньол» клубтарын жаттықтырған.
ашық дереккөзден
АҚШ ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Маурисио Почеттино «Манчестер Юнайтед» клубының тізгінін ұстады. 54 жастағы маманмен келісімшарт 2029 жылға дейін жасалды. Келісімнің қаржылық шарттары жарияланған жоқ.
Осылайша, ағылшын клубы Почеттиноны АҚШ футбол федерациясымен келісімшарттан босату үшін 10 миллион еуро көлемінде өтемақы төлегені туралы ақпарат тарады.
Бұған дейін, 12 қарашада «Манчестер Юнайтед» Майкл Кэрриктің бас бапкер қызметінен кеткенін хабарлаған еді. Команда АПЛ-дің 10 турында сегіз ұпай жинап, турнир кестесінде 18-орында тұр.
Почеттино 2024 жылдан бері АҚШ құрамасын жаттықтырып келді. Ол Манчестерге аттанар алдында ұлттық командамен Гаитиге қарсы соңғы екі матч өткізеді.