Бибісара Асаубаева Total Chess турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді
Турнирдің жүлде қоры 650 мың АҚШ долларын құрайды.
ашық дереккөзден
Бибісара Асаубаева Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінің топтық кезеңіндегі үшінші турдың алғашқы партиясында жеңіске жетті.
D тобында отандасымыз Үндістан өкілі Вайшали Рамешбабумен кездесіп, ақ фигуралармен ойнады. Нәтижесінде қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Енді екі шахматшы арасында қарымта партия өтеді. Онда Асаубаева қара фигуралармен ойнайды.
Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирі 10-20 қараша аралығында өтуде. Жарыста әлемнің үздік 24 гроссмейстері сынға түсуде.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу