Аман Бақытжан Загреб Гран-приінде алғаш рет жүлдегер атанды

19 қазақстандық дзюдошы Загребтегі турнирде ел намысын қорғауда.

Аман Бақытжан Загреб Гран-приінде алғаш рет жүлдегер атанды ашық дереккөзден

Қазақстандық дзюдошы Аман Бақытжан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды. Бұл спортшының мансабындағы осы деңгейдегі алғашқы жүлдесі.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Тайпей өкілі Янг Юнг Вэйге есе жіберді.

Аман Бақытжан жарыс барысында Үндістан, Израиль, Украина және Словения спортшыларынан басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева да Загреб Гран-приінің күміс жүлдегері атанған болатын. Ол финалда италиялық әлем чемпионы Ассунта Скуттодан жеңіліп қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге екі күміс медаль бар.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу