Қазақстан құрамасы Молдоваға есе жіберді

Құрамамыз келесі кездесуін Астана-Аренада Словакияға қарсы өткізеді.

Қазақстан құрамасы Молдоваға есе жіберді ашық дереккөзден

Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Молдова командасынан жеңіліп қалды. Кездесу Кишинев қаласындағы «Зимбру» стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.

Матчтың 39-минутында Петру Попеску алыстан соққы жасап, Молдова құрамасын алға шығарды. Екінші таймның басында, 51-минутта Ислам Чесноков есепті теңестірді. Алайда 77-минутта Петру Попеску дубль авторы атанып, командасына жеңіс сыйлады.

Осы нәтижеден кейін Молдова құрамасы жеті ұпай жинап, С лигасының үшінші тобында екінші орынға көтерілді. Ал Қазақстан бес матчта екі ұпай еншілеп, топтың соңғы сатысында қалды. Топтағы көшбасшы - 10 ұпайы бар Словакия құрамасы. Фарер аралдары төрт ұпаймен үшінші орында тұр.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы соңғы кездесуін 16 қарашада өз алаңында Словакияға қарсы өткізеді. Сол күні Молдова құрамасы сырт алаңда Фарер аралдарымен кездеседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу