Жібек Құламбаева WTA 125 турнирінің чемпионы атанды
Колумбиядағы жеңіс қазақстандық спортшыға әлемдік рейтингтегі жеке рекордын жаңартуға мүмкіндік береді.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Колумбияның Сопо қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Отандасымыз жұптық сында словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетті. Финалдық кездесуде олар чехиялық Лора Самсон мен словениялық Тамара Зиданшек жұбына қарсы шығып, үш сет қорытындысы бойынша 5:7, 6:2, 14:12 есебімен жеңіске жетті.
Бұл Жібек Құламбаеваның биылғы маусымдағы сегізінші чемпиондық атағы және WTA 125 санатындағы екінші титулы. Бұған дейін қыркүйек айында қазақстандық теннисші аустралиялық Габриэлла Фикпен бірге Португалияда өткен осы санаттағы жарыста топ жарған еді.
Жалпы, 2026 жылы Құламбаева жұптық сында жеті титулға қол жеткізді. Оның алтауы ITF турнирлерінде тіркелді. Сонымен қатар отандасымыз Үндістанда өткен ITF W15 жарысында жекелей сында да чемпион атанды.
Айта кетейік, 16 қараша күні Жібек Құламбаева WTA жұптық рейтингісінде 86-орынға көтеріледі.