Эсмигүл Куюлова Загребтегі турнирді үздік бестікте аяқтады

13-15 қараша күндері Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан Grand Prix халықаралық турнирі өтуде.

Эсмигүл Куюлова Загребтегі турнирді үздік бестікте аяқтады ашық дереккөзден

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан Гран-при турнирінде бесінші орынға ие болды.

Отандасымыз жарысты сәтті бастап, іріктеу кезеңдерінде АҚШ пен Польша спортшыларынан басым түсті. Алайда жартылай финалда канадалық Джессика Климкейтке есе жіберді.

Одан кейін жұбаныш белдесуінде венгриялық Бригитта Варганы жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Дегенмен шешуші кездесуде хорватиялық Ива Обераннан жеңіліп, қазақстандық спортшы жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында Загреб Гран-приінің бір алтын және екі күміс медалі бар. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (-48 кг) мен Аман Бақытжан (-60 кг) күміс жүлдеге ие болған еді. Ал, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрқанат Серікбаев алтыннан алқа тақты. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу