Элина Свитолина мен Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалында кездеседі

Финал нәтижесіне қарамастан, 19 жастағы Мирра Андреева 16 қарашадан бастап әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілсе, Арина Соболенко үшінші сатыға сырғиды.

Элина Свитолина мен Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалында кездеседі ашық дереккөзден

Украиналық теннисші Элина Свитолина мен ресейлік Мирра Андреева WTA-2026 қорытынды турнирінің финалында чемпиондық атақты сарапқа салады. Шешуші кездесу АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласындағы Indian Wells Tennis Garden кешенінің Stadium 2 кортында өтеді. Матч Астана уақытымен 15 қарашадан 16 қарашаға қараған түні сағат 01:00-де басталады.

Қос теннисші бұған дейін турнирдің топтық кезеңінде кездескен. Ол матчта Андреева 6:4, 6:0 есебімен басым түсті. Жалпы өзара кездесулерде де ресейлік спортшы 2:1 есебімен алда келеді.

Свитолина финалға оңай жеткен жоқ. Топтық кезеңде Андреевадан жеңілгеннен кейін ол Каролина Мухова мен Арина Соболенконы үш сетке созылған тартысты кездесулерде ұтты. Ал жартылай финалда Линда Носковадан 6:2, 6:1 есебімен басым түсті.

Ал Андреева жарысты бірде-бір үш сетке созылған матч өткізбей жалғастырып келеді. Ол топтық кезеңде Свитолина, Арина Соболенко және Диана Шнайдерді жеңсе, жартылай финалда америкалық Джессика Пегуладан басым түсті.

Осылайша, финалда екі теннисшінің екінші кездесуі өтеді. Андреева топтық кезеңдегі жеңісін қайталауға тырысса, Свитолина қарымта қайтаруды көздейді.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 10 миллион АҚШ долларын құрайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу