Skate America: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетті.

Турнирде әйелдер арасында 12 спортшы сынға түсуде.

Skate America: Софья Самоделкина қысқа бағдарламада өнер көрсетті. ашық дереккөзден

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-тың Эверетт қаласында өтіп жатқан Skate America Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада өнер көрсетті. 

Отандасымыз төрешілер бағалауымен 61,03 ұпай жинап, аралық есепте 11-орынға жайғасты.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша жапониялық Ами Накай 82,20 ұпаймен көш бастады. Екінші сатыға бейтарап мәртебеде сынға түсіп жатқан Александра Игнатова (74,24 ұпай) орналасты. Ал оңтүстіккореялық Ким Ю Чжэ 73,92 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Енді спортшылар еркін бағдарламада бақ сынайды. Шешуші кезең 16 қарашаға қараған түні өтеді.

Айта кетейік, Skate America - 2026/2027 жылғы маусымдағы мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының төртінші кезеңі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу