Қазақстан U-21 құрамасы Беларуське есе жіберді
Беларусь жастар құрамасы қараша айында Қазақстан U-21 құрамасымен өткізген екі кездесуде де жеңіске жетті.
ашық дереккөзден
Бүгін Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Шымкентте Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесудің 8-минутында қонақтар есеп ашты. Алайда араға екі минут салып, «Астана» клубының шабуылшысы Арсен Ахметов таразы басын теңестірді.
Одан кейін қос команда да есепті өзгертуге тырысқанымен, ұзақ уақыт бойы нәтижелі шабуыл ұйымдастыра алмады. Тек 84-минутта Беларусь футболшылары екінші голын соғып, жеңісті жұлып алды. Қазақстандықтар ойын соңына дейін таразы басын теңестіре алмады.
Осылайша, құрамамыз Беларусьпен өткен екінші ойында да жеңіліс тапты.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу