Мирра Андреева - WTA қорытынды турнирінің чемпионы

19 жасар теннисші бүгін ресми әлемнің екінші ракеткасы атанды.

Мирра Андреева - WTA қорытынды турнирінің чемпионы ашық дереккөзден

Ресейлік Мирра Андреева АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалдық кездесуде Мирра украиналық Элина Свитолинаны 7:5, 6:3 есебімен жеңіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Осылайша, Андреева Мария Шараповадан кейінгі турнир тарихындағы ең жас чемпион атанды. Шарапова 17 жасында жеңіске жеткен болатын. Сонымен қатар, Мирра соңғы 22 жылда аталған жарыста топ жарған алғашқы ресейлік теннисші болды.

Бұл жеңістен кейін Андреева әлемдік рейтингте екінші орынға көтеріледі. Сондай-ақ 3,37 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы мен Mercedes-AMG SL автокөлігіне ие болады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу