Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен аяқтай ала ма?

Құрамамыз Ұлттар лигасындағы соңғы матчын Словакияға қарсы өткізеді.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен аяқтай ала ма? ашық дереккөзден

Бүгін, 16 қарашада Қазақстан ұлттық құрамасы футболдан УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы соңғы кездесуін өткізеді. Джон ван ’т Шкип шәкірттері Астанада Словакия құрамасын қабылдайды.

Матч «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип бұған дейінгі бес матчтың нәтижесіне көңілі толмайтынын айтып, соңғы кездесуде жанкүйерлер үшін жақсы нәтиже көрсетуге бар күштерін салатынын жеткізді.

«Бұған дейінгі бес матчтың нәтижесі біз күткендей болған жоқ. Соған қарамастан, Словакияға қарсы соңғы ойында жақсы нәтиже көрсетіп, Қазақстандағы жанкүйерлерімізді қуантқымыз келеді. Ол үшін бар күшімізді саламыз», - деді Джон ван ’т Шкип.

Словакия құрамасы бес турдың қорытындысы бойынша 11 ұпай жинап, С лигасының үшінші тобында бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етті. Осылайша, команда келесі маусымда В лигасында өнер көрсету құқығына ие болды. Ал Қазақстан құрамасы екі ұпаймен соңғы орында тұр және келесі маусымда С лигасында қалады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу