Фанг Бо Стамбулдағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды

Турнирдің жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрады.

Фанг Бо Стамбулдағы халықаралық турнирдің чемпионы атанды ашық дереккөзден

Қазақстандық «Nomad Table Tennis Academy» клубының өкілі Фанг Бо Түркияның Стамбул қаласында өткен үстел теннисінен «WTT Contender Istanbul» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құраған жарыста отандасымыз жекелей сында топ жарды.
Фанг Бо турнирді сәтті бастап, 1/16 финалда алжирлік Мехди Булуссаны, 1/8 финалда қытайлық Чен Юнсонгты, ширек финалда чехиялық Любомир Янчарикті бірдей 3:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Германия өкілі Рикардо Вальтермен кездескен қазақстандық спортшы 3:2 есебімен басым түсті.

Ал шешуші бәсекеде кореялық Кан Дон Судан 4:1 есебімен басым түсіп, турнирдің алтын жүлдесін иеленді.

Айта кетейік, Фанг Бо - Қытай азаматы, бұрын Қытай ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен спортшы. Ол 2016 жылы командалық есепте әлем чемпионы атанған. 2015 жылдың мамыр айында алғаш рет әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді. Қазіргі уақытта Фанг Бо «Nomad Table Tennis Academy» академиясымен ынтымақтастық аясында Қазақстан атынан өнер көрсетіп, халықаралық ттурнирлерде көк туымызды желбіретіп жүр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу