Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерде екі бірдей жеңіске жетті

Бұл жас теннисшілеріміздің мансабындағы алғашқы халықаралық жасөспірімдер турнирінің титулы.

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерде екі бірдей жеңіске жетті ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова Түркияда, Жантөре Санжарұлы Өзбекстанда өткен халықаралық турнирлердің жұптық сынында чемпион атанды.

Асылжан Арыстанбекова 9-15 қараша аралығында Түркияның Анталья қаласында ұйымдастырылған ITF санатындағы W15 турнирінде топ жарды. Отандасымыз жұптық сында украиналық Дарья Есипчукпен бірге өнер көрсетті. Бірінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-украиналық жұп финалда румыниялық Стефания Божица мен Анастасия Сафтымен кездесіп, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Ал 16 жастағы Жантөре Санжарұлы Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен ITF жасөспірімдер арасындағы J30 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды. 

Қазақстандық теннисші жұптық сында жергілікті спортшы Никита Гафуровпен бірге өнер көрсетті. Екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық-өзбекстандық жұп финалда жарыстың бірінші нөмірлі өкілдері Сайдумар Саидакбаров пен Ахмаджон Тошмұхамедовті 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Осылайша, қазақстандық теннисшілер өткен ойын аптасында халықаралық жарыстарда екі чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу