Джон ван ’т Шкип Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер іздеу жұмыстары басталды.

Джон ван ’т Шкип Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді ашық дереккөзден

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Ман ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван ’т Шкиптің командадағы болашағына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, нидерландылық маман Қазақстан құрамасына қиын кезеңде көмектесу үшін келген. Сонымен қатар федерация бас хатшысы бапкердің жалақысына қатысты тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

«Менің ұстанымым анық болды. Қысқа уақыт ішінде командаға жаңа бапкер табуым керек еді. Джонмен ұзақ уақыт бірге жұмыс істемесем де, оны жақсы адам ретінде білемін. Оның “Аякс” сапында 400 матч өткізгенін, осы клубты жаттықтырғанын және өткен жылы команданы еурокубоктарға алып шыққанын жақсы білемін. Грекиядағы жұмысы да жоғары бағалауға лайық.

Ол уақыт тапшылығына байланысты туындаған қиындықты шешуге көмектесу үшін келісті. Оның жалақысына қатысты айтылып жүрген ақпараттың ешқайсысы шындыққа жанаспайды. Джон Қазақстанда Талғат Байсуфинов алған жалақымен жұмыс істеуге келісті», - деді Скотт Ман.

Сондай-ақ федерация өкілі тараптардың келісімді ұзартуға ниетті емес екенін жеткізді. Енді Қазақстан құрамасын алдағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындайтын ұзақ мерзімді бапкер іздеу жұмыстары басталады.

Айта кетейік, Джон ван ’т Шкип Қазақстан құрамасын 2026 жылдың тамызынан бастап жаттықтырды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында алты матч өткізіп, бірде-бір жеңіске жете алмады және топта соңғы орынға тұрақтады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу