Елена Рыбакина - жыл қорытындысы бойынша әлемнің үздік теннисшісі

Елена Рыбакина биылғы маусымды жалпы есепте 8099 рейтингтік ұпаймен аяқтады.

Елена Рыбакина - жыл қорытындысы бойынша әлемнің үздік теннисшісі WTA

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылы мансабындағы басты жетістіктерінің біріне қол жеткізді. Әйелдер теннис қауымдастығы отандасымызды жыл қорытындысы бойынша әлемнің бірінші ракеткасы деп таныды. Бұл Қазақстан теннисі тарихындағы теңдесіз жетістік.

Рыбакина әлемдік рейтингтің шыңына алғаш рет 2026 жылдың 14 қыркүйегінде көтерілді. Ол мұндай мәртебеге US Open турниріндегі жарқын жеңісінен кейін қол жеткізді. Осылайша, қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы жекелей сында әлемдік рейтингтің көшін бастаған еліміздің алғашқы өкілі ретінде тарихқа енді.

Бұдан кейін де Елена жеңіс жолынан жаңылған жоқ. Қазан айында Қытайдың Нинбо қаласында өткен жарыста чемпиондық атағын сәтті қорғап, қоржынына тағы бір беделді жүлдені салды. Бұл трофей оның әлемдік рейтингтің көшін бастағаннан кейінгі алғашқы титулы болды.

Қазақстандық теннисшінің тарихи табысы ел көлемінде зор қуанышпен қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рыбакинаны әлемдік рейтингтің көшін бастағаны және US Open турниріндегі жеңісімен құттықтап, оның жетістігі бүкіл ел үшін мақтаныш екенін атап өтті.

Қыркүйек айының соңында Президент отандық спорттың абыройын асқақтатқан теннисшіге «Барыс» орденін табыстады.

Осылайша, 2026 жыл Елена Рыбакина үшін мансабындағы ең жарқын кезеңдердің біріне айналды. Әлемдік теннистің биігін бағындырған қазақстандық спортшы ел тарихында өшпес із қалдырып, отандық теннистің мерейін үстем етті.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу