Магнус Карлсен Бибісара Асаубаеваға қарсы соңғы партияны ойнаудан бас тартты
Бибісара Асаубаева сегіз ұпай еншіледі.
ашық дереккөзден
Шахматтан әлемнің 16-чемпионы Магнус Карлсен Будапештте өтіп жатқанTotal Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінде қазақстандық Бибісара Асаубаеваға қарсы соңғы партияға қатысудан бас тартты.
Шахматшылар плей-офф кезеңінде 17-20-орындар үшін таласып жатыр. Алғашқы ойын күнінде Карлсен блицте үш рет жеңіске жетіп, бір партияда тең түсті. Сондай-ақ рапидтегі екі кездесуде де басым болды.
Осылайша, норвегиялық шахматшы 11,5:0,5 есебімен алға шықты. Алайда жылдам классика форматындағы соңғы партияға қатысудан бас тартып, техникалық жеңіліс тапты. Нәтижесінде сегіз ұпай Бибісараның еншісіне жазылды.
Айта кетейік, егер Асаубаева соңғы партияда кем дегенде тең түскенде, Карлсен соңғы 17 жылда алғаш рет классикалық шахмат рейтингінде 2800 ұпайлық межеден төмен түсетін еді. Қазіргі рейтингі 2801,2 ұпай.