Бибісара Асаубаева Магнус Карлсенге есе жіберді
Турнирде әлемнің үздік 24 шахматшысы сынға түсуде.
ашық дереккөзден
Будапештте Бибісара Асаубаева мен әлемнің 16-чемпионы, норвегиялық Магнус Карлсен арасындағы кездесу аяқталды. Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінде өткен екі күндік тартыста Карлсен басым түсті.
Екінші ойын күнінде норвегиялық гроссмейстер 10:2 есебімен жеңіске жетті. Ол блиц форматындағы төрт партияның барлығын жеңіп, рапидтегі алғашқы ойында тең түсті. Екінші партияда тағы бір жеңіске қол жеткізді.
Айта кетейік, алғашқы ойын күнінде де Карлсен жеңісін мерзімінен бұрын жеңіске жетіп, соңғы партияға қатысудан бас тартқан еді. Оған техникалық жеңіліс тіркелгенімен, жарыс күнінің нәтижесі бойынша 11,5:8,5 есебімен жеңіске жетті. Екінші күні де есеп айырмасы соңғы партияның нәтижесіне қарамастан жеңімпаз анықталғандықтан, норвегиялық шахматшы ойын өткізбеді.
Осылайша, Карлсен жұбаныш кезеңінің финалына шығып, турнирде 17-орын үшін күреседі. Ал Бибісара Асаубаева 19-орынға таласады.