«Барыс» Уфада «Салават Юлаевтан» жеңіліп қалды
«Барыс» турнирлік кестеде 29 ұпаймен 7-сатыға сырғыды.
ашық дереккөзден
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт алаңдағы кездесуін Уфада өткізіп, жергілікті «Салават Юлаевқа» 3:5 есебімен есе жіберді.
Бұл ойында «Барыс» сапынан 22 қыркүйектен бері алғаш рет ауыр жарақатынан айыққан Мәди Диханбек келіп қосылды.
Кездесудің алғашқы кезеңі айдын иелерінің басымдығымен өтті. Олар Вадим Шипачёв, Девин Броссо және Данил Алалыкиннің шайбаларының арқасында есепте алға шықты. Ал астаналықтар сапынан Аңсар Шайхмедденов мергендігімен көзге түсті.
Шешуші шайба үшінші кезеңнің басында соғылды. Владислав Ефремов «Салават Юлаевтің» басымдығын арттырды. Кейін Джастин Бэйли мен Мэйсон Морелли сан басымдығын тиімді пайдаланып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда «Барыс» таразы басын теңестіре алмады. Кездесудің соңғы секундында Артем Горшков бос қақпаға шайба салып, матчтың есебін 5:3-ке жеткізді.
Енді Михаил Кравец шәкірттері 20 қарашада Омбы қаласында «Авангардпен» кездеседі.