Азия ойындарының чемпиондарына берілетін сыйақы 50 мың долларға дейін өсті
Сыйақы көлемі федерациялар мен Спортты қолдау қоры арқылы бюджеттен тыс қаражат есебінен арттырылған.
ашық дереккөзден
Қазақстанда Азия ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақы 50 мың долларға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар қазақ күресін жабық ғимараттағы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу ұсынылды.
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«Биыл федерациялар мен Спортты қолдау қоры арқылы бюджеттен тыс қаражат есебінен Азия ойындарының чемпиондарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін арттырдық. Ал өзге жүлдегерлерге тиесілі төлемдер қажетті келісу рәсімдері аяқталғаннан кейін беріледі», - деді министр.
Қазіргі уақытта қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан әлемнің 50-ден астам елінде федерациялар жұмыс істейді. Министр алдағы уақытта тоғызқұмалақты да халықаралық кешенді жарыстардың бағдарламасына енгізуге күш салынатынын атап өтті.