Карел Герартс «Ордабасының» бас бапкері болып тағайындалады
Әзірге келісімшарттың қанша уақытқа жасалатыны белгісіз.
ашық дереккөзден
Бельгиялық Карел Герартс Шымкенттің «Ордабасы» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалады.
44 жастағы маман бапкерлік мансабында бельгиялық «Юнион» клубын баптаған. Оның жетекшілігімен команда Еуропа лигасының ширек финалына дейін жетті. Кейін Германияның «Шальке» клубында бас бапкер қызметін атқарды. Ал Герартстың соңғы жұмыс орны Францияның «Реймс» командасы болды.
2026 жылғы маусымда молдовалық маман Андрей Мартиннің жетекшілігімен «Ордабасы» клубы өз тарихында алғаш рет «алтын дубль» жасады. Шымкенттік ұжым Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогының финалында Қызылорданың «Қайсар» командасын жеңді. Енді команда жаңа маусымға бельгиялық маманның басшылығымен дайындалады.
Айта кетейік, 11-қараша күні шымкенттік ұжымның бас бапкері Андрей Мартин қызметінен кеткен болатын.