Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды

Қазақстандық спортшы үш бағдарламада өнер көрсетеді.

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды ашық дереккөзден

21-28 қараша аралығында Түркияның Стамбул қаласында үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.

«Ata Sporları Merkezi» спорт кешенінде ұйымдастырылатын дүбірлі додаға әлемнің 50 елінен спортшылар қатысады. Олар U19 және U15 жас санаттары бойынша 14 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Әлем чемпионатының бағдарламасына командалық жарыстар, жекелей сын, ерлер мен әйелдер арасындағы жұптық сайыстар, сондай-ақ аралас жұптық бәсекелер енгізілген.

Қазақстан құрамасы сапында Қарағанды қаласының өкілі Алан Құрманғалиев өнер көрсетеді. Отандасымыз үш бағдарлама бойынша бақ сынайды. Атап айтқанда, жекелей сында сынға түсіп, жұптық жарыста ирандық Беньямин Фараджимен, ал аралас жұптық сында мысырлық Хана Годамен бірге өнер көрсетеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу