Игорь Черевченко «Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінде қалады

Биылғы маусымда «Ақтөбе» ҚПЛ-да жаман нәтиже көрсеткен жоқ.

Игорь Черевченко «Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінде қалады ашық дереккөзден

«Ақтөбе» футбол клубы бас бапкер Игорь Черевченкомен келісімшарт мерзімін ұзартты. Ресейлік маман команданы 2027 жылғы маусымда да жаттықтырады.

Черевченко «Ақтөбе» тізгінін 2026 жылдың тамыз айында ұстаған болатын. Оның жетекшілігімен команда Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымын 49 ұпаймен бесінші орында аяқтады.

Клуб басшылығы алдағы маусымда команданың негізгі құрамын сақтап қалуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар жекелеген позицияларға жаңа футболшылар шақыру көзделген. Команда желтоқсан айында маусымалды дайындыққа кіріседі.

Сондай-ақ бас бапкердің көмекшілері Юрий Батуренко мен Михаил Соловей де қызметтерін жалғастырады. Батуренко бапкердің көмекшісі болса, Соловей футболшылардың физикалық дайындығына жауап береді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу