Ақжол Құрманбек ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы атанды

16-22 қараша аралығында Астана қаласында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтуде.

Ақжол Құрманбек ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы атанды ашық дереккөзден

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының бесінші жарыс күнінде ерлер арасында 85 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы Ақжол Құрманбек топ жарды.

Аталған салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін бірнеше мықты зілтемірші бақ сынады. Олардың қатарында Азия чемпионы Ақжол Құрманбек, жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Едіге Емберді, сондай-ақ Әлібек Рахымберді мен Егор Шерер болды.

Нәтижесінде Жетісу облысының өкілі Ақжол Құрманбек қоссайыс қорытындысы бойынша 363 келі (жұлқа көтеруде – 163 келі, серпе көтеруде – 200 келі) нәтижесін тіркеп, Қазақстан чемпионы атанды. Екінші орынды 345 келі көтерген Едіге Емберді иеленсе, үздік үштікті 344 келі нәтижесімен Әлібек Рахымберді түйіндеді.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының кезекті жарыс күнінде ерлер арасында 95 және 110 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу