Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінде бесінші орынға көтерілді
Қазақстандық шахматшы Венгрияда өткен турнирде 5,4 ұпай жинап, рейтингте көрсеткішін жақсартты.
ашық дереккөзден
Бибісара Асаубаева Венгрия астанасы Будапештте өткен Total Chess World Championship Tour Pilot 2026 турнирінің қорытындысы бойынша классикалық шахматтан ФИДЕ-нің Live-рейтингіндегі көрсеткішін жақсартып, үздік бестіктің қатарына енді.
Будапешттегі жарыста Бибісара әлемнің таңдаулы гроссмейстерлерімен бақ сынады. Атап айтқанда, норвегиялық Магнус Карлсен және америкалық Уэсли Сомен кездесіп, жоғары деңгейдегі бәсекеге қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша Асаубаева 24 шахматшының ішінен 20-орынға ие болды. Соған қарамастан, оның классикалық шахматтағы рейтингтік көрсеткішінің өсуі отандық шахмат үшін жағымды жаңалық болды.