Дияр Нурғожай UFC турнирінде 100 мың доллар сыйақы алды

Жекпе-жек Қатардың Эр-Райян қаласындағы «Ali Bin Hamad al-Attiyah Arena» спорт кешенінде өтті.

Дияр Нурғожай UFC турнирінде 100 мың доллар сыйақы алды ашық дереккөзден

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нурғожай UFC Fight Night 294 турнирінің қорытындысы бойынша «Кештің үздік өнері» бонусына ие болды.

Қазақстандық спортшы Дохада өткен турнирде америкалық Алик Лоренцті (8-3) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Нурғожай қарсыласын құлатып, жекпе-жекті соққыларымен аяқтады.

Осылайша, отандасымыз UFC-дегі жеңісті сериясын үш жекпе-жекке жеткізіп, промоушендегі алғашқы бонусына қол жеткізді. Бұл марапат үшін оған 100 мың АҚШ доллары табысталды.

Қазақстандық файтерден бөлек, осындай көлемдегі сыйақыны Навахо Стирлинг, Джон Митчелл және Амир Альбази де алды. Ал салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өткен және мерзімінен бұрын жеңіске жеткен өзге спортшылардың әрқайсысына 25 мың доллардан берілді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу