Жібек Құламбаева Чилидегі WTA 125 турнирінің чемпионы атанды
Жібек Құламбаева жұптық сында өнер көрсетті.
ашық дереккөзден
Жібек Құламбаева Чилидің Колина қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Отандасымыз жұптық сында словениялық Вероника Эрьявецпен бірге өнер көрсетті. Финалдық кездесуде олар ресейлік Анастасия Тихонова мен украиналық Валерия Страхова жұбын 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Жібек Құламбаева мен Вероника Эрьявецтің бірге өнер көрсетудегі тәжірибесі мол. 2025 жылы теннисшілер Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 турнирінде чемпион атанса, 2026 жылдың қараша айында Колумбияның Сопо қаласында дәл осындай санаттағы жарыста тағы да топ жарды.
Құламбаева мен Эрьявец Колумбияның Сопо қаласында финалдық кездесуде чехиялық Лора Самсон мен словениялық Тамара Зиданшек жұбына қарсы шығып, үш сет қорытындысы бойынша 5:7, 6:2, 14:12 есебімен жеңіске жеткен болатын.