Алматыда UFC турнирі өтеді
Әзірге турнирдің қай аренада өтетіні нақты белгісіз.
ашық дереккөзден
Қазақстанда UFC турнирі өтеді. «Вестник ММА» дереккөзінің мәліметінше, аралас жекпе-жек ұйымы 2027 жылғы 1 мамырда Алматы қаласында жарыс ұйымдастырмақ.
Дереккөз бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Айта кетейік, 19 қарашада Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов UFC турнирін елімізде өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын.
«Жыл басынан бері UFC турнирін өткізу бойынша бірнеше келіссөз өткіздік. Қазір келіссөздер жалғасып жатыр. Айдың соңында 2027-2028 жылдары Қазақстанда UFC турнирін өткізу мәселесі бойынша қандай шешімге келгенімізді толығырақ хабарлаймыз. Барлық жұмыс атқарылды, ай соңында қорытындысын айтамыз», - деген еді министр.
Осылайша, Алматы 2027 жылы UFC турнирін қабылдайды. Ұйым тарапынан әзірге ресми растау жарияланған жоқ.