Абзал Сағымбаев - Астана үстел теннисі федерациясының жаңа төрағасы
Федерацияның жаңа төрағасының алдында бірқатар маңызды міндет тұр.
ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі Абзал Сағымбаев Астанада өткен құрылтай жиналысында қалалық үстел теннисі федерациясының төрағасы болып сайланды.
Елордада үстел теннисінің өзіндік спорттық дәстүрі қалыптасқан. Мұнда Олимпиада ойындарының қатысушылары Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврова, Қазақстан чемпиондары, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тәрбиеленіп шыққан. Сондай-ақ қала спортшылары ұлттық және жасөспірімдер құрамаларының сапында өнер көрсетіп жүр.
Федерацияның жаңа төрағасының алдында бірқатар маңызды міндет тұр. Олардың қатарында үстел теннисінің жетістіктерін одан әрі дамыту, 2027 жылы Астанада өтетін ITTF World Table Tennis Championships Finals әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыру, бұқаралық спортты қолдау бар.
Бұл бастамалар Қазақстан мен елорданың халықаралық спорт аренасындағы беделін арттыруға да ықпал етпек.