Алан Құрманғалиев әлем чемпионатында аралас жұптық сында жарысты аяқтады

Турнир «Ata Sporları Merkezi» спорт кешенінде өтуде.

Алан Құрманғалиев әлем чемпионатында аралас жұптық сында жарысты аяқтады ашық дереккөзден

Қазақстандық үстел теннисінің шебері Алан Құрманғалиев Түркияның Стамбул қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында аралас жұптық сайыста қарсыластарына есе жіберді. 

Бүгін, 23 қарашада 1/16 финалдық кезеңде қазақстандық спортшы мысырлық Хана Годамен бірге Аустралия өкілдері Адитья Сарин және Константина Психогиоспен кездесті. Нәтижесінде Алан мен Хана қарсыластарына 0:3 есебімен жеңіліп қалды. 

Айта кетейік, 21-28 қараша аралығында өтіп жатқан әлем чемпионатында 50 елдің спортшылары U15 және U19 жас санаттары бойынша 14 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр. Қазақстан намысын қарағандылық Алан Құрманғалиев қорғауда. Ол енді жекелей сында және ирандық Беньямин Фараджимен жұптық сайыста да өнер көрсетеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу