Ламин Ямаль «Сабахқа» қарсы матчқа қатыспайды

Бұл матчта әзербайжандық клуб сапында қазақстандық футболшы Стас Покатилов алаңға шығуы мүмкін.

Ламин Ямаль «Сабахқа» қарсы матчқа қатыспайды ашық дереккөзден

25 қарашада Бакуде өтетін УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Сабах» пен «Барселона» арасындағы кездесуде каталондық клубтың жұлдызды футболшысы Ламин Ямаль алаңға шықпайды. 19 жастағы шабуылшы оң жақ тобығындағы жайсыздыққа байланысты алдағы матчты өткізіп алады.

Дегенмен ол жексенбі күні Ла Лига аясында өтетін «Депортивоға» қарсы кездесуде алаңға шығады деп күтілуде.

Айта кетейік, «Сабах» пен «Барселона» арасындағы ойын 25 қараша, сәрсенбі күні Бакудегі Олимпиада стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 22:45-те басталады.

Бұл матчта Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатиловтың негізгі құрамда шығуы мүмкін. Ол әзербайжандық клубтың капитаны. 

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төрт турдан кейін «Сабах» үш ұпаймен турнир кестесінде 31-орында тұр. Ал «Барселона» тоғыз ұпай жинап, бесінші сатыға жайғасқан.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу