Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын ірі жеңіспен бастады

Гандболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуінде Аустралияны ойсырата ұтты.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын ірі жеңіспен бастады ашық дереккөзден

Биылғы чемпионатқа Азияның он ұлттық құрамасы қатысып, 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына берілетін жолдамаларды сарапқа салады. Турнир қорытындысы бойынша үздік шыққан төрт команда әлемдік біріншілікке қатысу құқығына ие болады.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея, Үндістан, Аустралия және Өзбекстанмен бірге А тобында өнер көрсетіп жатыр. Ал В тобына Жапония, Иран, Қытай, Гонконг және Таиланд құрамалары түскен.

Қазақстандық гандболшылар алғашқы кездесуін бүгін, 23 қарашада Аустралия құрамасына қарсы өткізіп, қарсыласынан айқын басым түсті. Отандастарымыз 37:18 есебімен жеңіске жетіп, құрлықтық додадағы жорығын сәтті бастады.

Құрамамыз келесі кездесуін 24 қарашада Үндістанға қарсы өткізеді.

23 қарашада басталған құрлықтық дода 3 желтоқсанға дейін жалғасады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу