Қазақстан құрамасы World Boxing Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады

Турнирде 31 елдің былғары қолғап шеберлері сынға түседі.

Қазақстан құрамасы World Boxing Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысады ашық дереккөзден

28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Өзбекстанда World Boxing ұйымының 2026 жылғы Әлем кубогының соңғы кезеңі өтеді. Байрақты бәсекеде 142 боксшы өзара мықтыны анықтайды. 

Бұл жарысқа спортшылар халықаралық ұйымның арнайы шақыртуы бойынша қатысады. Турнирдің алғашқы жекпе-жектері 28 қарашада өтсе, ақтық кездесулер 3 желтоқсанға жоспарланған. Қазақстан құрамасы бұл додада ерлер және әйелдер арасында 11 боксшымен сынға түседі. 

Ерлер арасында Даниял Сәбит (50 келі), Фарух Тоқтасынов (70 келі), Аман Қонысбеков (75 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі) және Дәулет Төлемісов (90 келі) ел намысын қорғайды.

Ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова (57 келі), Бақыт Сейдіш (70 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі), Валерия Аксенова (80 келі) және Дина Исламбекова (+80 келі) шаршы алаңға шығады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу