«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Пясттан» жеңіліп қалды

Финал 2027 жылғы 7 және 9 мамырда Швейцарияның Биль/Бьен қаласындағы аренада өтеді.

«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Пясттан» жеңіліп қалды ашық дереккөзден

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы матчта сырт алаңда Польшаның «Пяст» командасына 0:2 есебімен жол берді.

Гливице қаласында өткен кездесуде алаң иелері екі гол соқты. Ойынның 15-минутында Томаш Крезель есеп ашса, араға екі минут салып Карлос Эдуардо «Пясттың» басымдығын еселей түсті.

Командалар арасындағы қарымта кездесу 4 желтоқсанда Алматыда өтеді.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының осы кезеңінде Қазақстан намысын «Семей» клубы да қорғайды. Оның қарсыласы - Украинаның «Атлетик» командасы. Екі ұжым арасындағы алғашқы матч бүгін, 24 қарашада, ал қарымта ойын 5 желтоқсанда өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу