«Мьельбю» Алматыға келді

Небәрі 1500-ге жуық тұрғыны бар Хеллевик ауылынан шыққан «Мьельбю» футбол клубы 2025 жылы Швеция чемпионы атанған болатын.

«Мьельбю» Алматыға келді ашық дереккөзден

Швециялық «Мьельбю» клубы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда «Қайратқа» қарсы өтетін кездесуге орай Алматыға келді.

Қазіргі уақытта «Мьельбю» турнир кестесінде тоғызыншы орында тұр. Үш турдан кейін жеті ұпай жинаған команда екі рет жеңіске жетіп, бір мәрте тең түскен. Швециялық клуб қарсыластарының қақпасына бес гол соғып, өз қақпасына бір ғана доп жіберген. Осылайша, команда турнирдің әзірге жеңіліс көрмеген ұжымдарының қатарында.

«Мьельбю» соңғы ойындарында да тұрақты нәтиже көрсетіп келеді. Команда «Мальмёмен» (1:1), «Броммапойкарнамен» (0:0) және «Кальмармен» (0:0) тең ойнаса, «Борацты» 2:0 есебімен жеңген.

Ал «Қайрат» үш турдан кейін екі ұпаймен жалпы кезең кестесінде 27-орында келеді. Алматылықтар әзірге үш гол соғып, өз қақпасына жеті доп жіберген. Қазақстандық клуб екі кездесуде тең түсіп, бір матчта жеңіліс тапты. Соңғы турда италиялық «Аталантаға» қарсы ойында 1:1 есебімен тең нәтиже тіркеп, мықты қарсыласына лайықты мінез көрсетті.

Турнир кестесіндегі жағдай мен еурокубоктегі көрсеткіштерге қарағанда, «Мьельбю» бұл кездесуге жақсы дайындықпен келіп отыр. Дегенмен «Қайрат» өз алаңында жанкүйерлерінің қолдауына сүйеніп, қарсыласын жеңуге ниетті.

Екі команда арасындағы кездесу 26 қарашада Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 20:30-да басталады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу