Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Әлем чемпионатының кем дегенде қола жүлдесі қоржында.

Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының жартылай финалына шықты ашық дереккөзден

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Стамбулда өтіп жатқан әлем біріншілігінің жұптық сайысындағы ширек финалда Қазақстан мен Иран өкілдері Үндістанның Абхинандх Прадхивади және Приянудж Бхаттачарья жұбымен кездесті. Тартысты өткен бәсекеде Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, олар жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

21-28 қараша аралығында өтіп жатқан әлем чемпионатында 50 елдің спортшылары U15 және U19 жас санаттары бойынша 14 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр. Алдағы күндері Алан Құрманғалиев  жекелей сында да жарыс жолына шығады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу