«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасында сырт алаңда жеңіске жетті
Матч барысында украиналық команданың екі ойыншысы алаңнан қуылды.
ашық дереккөзден
«Семей» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы алғашқы матчта украиналық «Атлетикті» сырт алаңда жеңді.
Молдованың Кишинев қаласында өткен кездесу 3:2 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды.
Матчтың 7-минутында Фернан есеп ашып, «Семейді» алға шығарды. Алайда 18-минутта Эдуард Нагорный таразы басын теңестірді.
Екінші таймда Педриньо 26-минутта қазақстандық клубты қайта алға шығарса, 35-минутта Олег Выставной есепті 2:2-ге жеткізді. Кездесудің 38-минутында Педриньо дубль авторы атанып, «Семейге» жеңіс сыйлады.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу 5 желтоқсанда Семей қаласында өтеді.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу