Қазақстан құрамасы Шанхайдағы жарысқа қатысады

Биыл шорт-тректен Әлем кубогының төртінші және бесінші кезеңдері Аспан асты елінде өтеді.

Қазақстан құрамасы Шанхайдағы жарысқа қатысады ашық дереккөзден

27-29 қараша аралығында Қытайдың Шанхай қаласында шорт-тректен Әлем кубогының төртінші кезеңі өтеді. Халықаралық жарыста Қазақстан намысын 11 спортшы қорғайды.

Ерлер арасында Глеб Ивченко, Богдан Вехов, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Тамирлан Жолдас және Әділ Ғалиахметов өнер көрсетеді. Әйелдер құрамасынан Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Гүлдана Жалмұқан және Полина Омельчук сынға түседі

Жарыстың алғашқы күні іріктеу кезеңдері өтсе, 28-29 қарашада негізгі бәсекелер мен финалдық сайыстар ұйымдастырылады. Спортшылар 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, сондай-ақ эстафетада тоғыз жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Шанхайдағы кезеңнен кейін Қазақстан құрамасы Бейжіңге аттанады. Қытай астанасында 4-6 желтоқсан аралығында Әлем кубогының бесінші кезеңі өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу