Қамшыбек Қоңқабаев: Қазақ туын көтерген боксшы

INSPORTS.KZ YouTube арнасының кезекті қонағы – бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев.

Бұл шығарылымда Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа қадамы, алдағы мақсаттары, чемпиондық арманы және үлкен рингтегі жоспарлары туралы ашық әңгіме өрбітеді.

Подкаст барысында:
Әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа өту жолы
Кәсіпқой рингтің қыр-сыры
Әлем чемпионы болу мақсаты
Жақсы менеджердің маңызы
Ұлттық құрамадағы жылдар және жастарға көзқарасы
Спорттағы тәртіп, адамгершілік және өмірлік ұстанымдары туралы сөз қозғалады.