Бішкектегі бәсеке: Қос қазақстандық балуан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

6-12 сәуір аралығында Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтуде.

Бішкектегі бәсеке: Қос қазақстандық балуан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты kazwretstling_official

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының еркін күрес шеберлері сәтті өнер көрсетуде. Отандастарымыз Азамат Дәулетбеков пен Болат Сақаев ширек финалдық белдесулерде жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Азамат Дәулетбеков ширек финалда моңғолиялық Бат-Эрдэнэ Бямбасүрэнді 3:0 есебімен жеңді. Осылайша, тәжірибелі балуан, үш дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат турнирдің келесі кезеңіне сенімді түрде өтті.

Ал, 86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Болат Сақаев Солтүстік Корея өкілі Сон Ган Джимен белдесті. Қазақстандық спортшы 12:2 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Сақаев 1/2 финалда Үндістан спортшысы Мукул Дахиямен кездессе, Азамат Дәулетбеков ирандық балуан Мохаммадмобин Голамами Азимимен өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, жартылай финалдық белдесулер бүгін, 11 сәуірде Қазақстан уақытымен 15:45 те басталады. Көрермендер тікелей эфирді Qazsport арнасынан тамашалай алады. 

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться