Теннисшілеріміз Billie Jean King Cup турнирінің іріктеу кезеңінде екінші жеңісті қоржынға салды

Жұптық сында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева қарсыластарын еш қиындықсыз жеңді.

Теннисшілеріміз Billie Jean King Cup турнирінің іріктеу кезеңінде екінші жеңісті қоржынға салды ktf.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінде Канада құрамасына қарсы матчта басымдыққа ие болды.

Жұптық кездесуде Анна Данилина мен Жібек Құламбаева канадалық Бьянка Андрееску және Кайла Кросс жұбын 7:5, 6:1 есебімен жеңді.

Бірінші партия тең деңгейде өтіп, 5:5 есебінен кейін қазақстандық теннисшілер шешуші ұпайларды еншілеп, сетті өз пайдасына аяқтады.

Екінші сетте отандастарымыз айқын басымдық танытып, кездесуді жеңіспен түйіндеді. 

Осы жеңістің нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы есепте алға шықты - 2:1. Регламентке сәйкес, матч бір команданың үш жеңісіне дейін жалғасады.

Кезекті ойында кортқа Юлия Путинцева мен Бьянка Андрееску шықты. Дәл қазіргі сәтте матч жалғасуда. Осы кездесу финалдық кезеңге жолдама беретін шешуші матчтардың бірі болуы мүмкін. Есеп теңескен жағдайда жеңімпазды анықтау үшін Жібек Құламбаева мен Кайла Кросс арасында матч өтеді. 

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться