Елена Рыбакина бастаған әлемдік теннис жұлдыздары Штутгарттағы WTA 500 турниріне қатысады

Елена Рыбакина 15-сәуір күні 1/8 финалда кортқа шығады.

Елена Рыбакина бастаған әлемдік теннис жұлдыздары Штутгарттағы WTA 500 турниріне қатысады sport5.by

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтетін WTA 500 санатындағы Stuttgart open турниріне қатысады.

Рыбакинаның рейтингі жоғары болғандықтан, турнирді бірден екінші айналымнан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы ресейлік Диана Шнайдер мен германиялық Тамара Корпач арасындағы матчтың жеңімпазы болмақ.

Сондай-ақ турнирде әлемнің үздік ойыншыларының бірі, америкалық Коко Гауфф өнер көрсетеді. Ол екінші айналымда хорватиялық Антония Рузич немесе ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі.

Штутгарттағы жарыстың басты фавориттерінің бірі - польшалық Ига Швентек. Ол бұл турнирде 2022 және 2023 жылдары жеңімпаз атанған. Швентек жарысқа дайындықты Рафаэль Надаль академиясы базасында жүргізді.

Штутгарттағы жарыс 13-19 сәуір аралығында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 064 510 долларды құрайды. Жеңімпаз қаржылай сыйақымен қатар Porsche 911 Carrera S автокөлігін иеленеді.

Айта кетейік, турнирдің қазіргі чемпионы - латвиялық Елена Остапенко. Ал Рыбакина Штутгарттағы жарыста 2024 жылы топ жарған еді.

Жалпы, биылғы WTA 500 турнирі мықты құрамымен ерекшеленеді. Әлемдік рейтингтің үздік ондығындағы ойыншылар мен қауіпті қарсыластар алғашқы айналымдардың өзінде-ақ тартысты матчтар сыйлайды деп күтілуде.

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться