Иран құрамасының жағдайына байланысты ФИФА Әлем чемпионатына балама жоспар дайындауда

Иран құрамасы әзірге әлем чемпионатына қатысудан ресми бас тартқан жоқ.

Иран құрамасының жағдайына байланысты ФИФА Әлем чемпионатына балама жоспар дайындауда championat

Халықаралық футбол федерациясы 2026 жылғы Әлем чемпионаты қарсаңында Иран құрамасының турнирге қатысудан бас тарту ықтималдығына байланысты қосымша жоспар әзірлеуде. 

Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың шиеленісуі Иранның әлем біріншілігіне бармауына себеп болуы мүмкін. Осындай жағдайда турнирге жолдама ала алмаған құрамалар үшін қосымша мүмкіндік қарастырылмақ. Атап айтқанда, ФИФА құрлықаралық плей-офф матчтарын ұйымдастыру нұсқасын талқылауда. Бұл ойындарға Азия футбол конфедерациясы (АФК) мен Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) атынан екі командадан қатысуы ықтимал.

Мұндай сценарий жүзеге асса, іріктеу кезеңінде сүрінген құрамаларға тағы бір мүмкіндік беріледі. Соның ішінде Италия құрамасы да бар. Олар шешуші матчта Босния және Герцеговинадан жеңіліп, Әлем чемпионатына тікелей жолдама ала алмаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, 11-наурыз күні Иран құрамасы қауіпсіздік мәселелеріне байланысты АҚШ-та өтетін ойындарға қатысудан бас тарту мүмкіндігін қарастырған. Ал елдің спорт министрі Ахмад Доньямали егер жарыс басқа мемлекетте өтсе, халықаралық қауымдастық басқаша әрекет етер еді деген пікір білдірген.

16-наурыз күні Иран футбол федерациясының президенті Мехди Тадж турнир ойындарын Мексикада өткізу мәселесін ФИФА-мен талқылай бастағанын жеткізді. 17-наурыз күні Мексика билігі мұндай бастаманы қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Дегенмен ФИФА турнир матчтарын бастапқы жоспарланған орындардан көшіруді қарастырмайтынын мәлімдеді. Ұйым бұл қадам үлкен логистикалық қиындықтарға әкелетінін атап өтті.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канада елдерінде өтеді. Иран G тобында Бельгия, Египет және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнауы тиіс. Матчтар Лос-Анджелес пен Сиэтл қалаларында өтеді. 

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться