Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық матч өткізеді

Ойындар Ақтау қаласындағы BS Arena спорт кешенінде өтеді.

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық матч өткізеді kff.kz

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 5 сәуірден бері Ақтауда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бүгін, 13 сәуір күні осы жиын аясында футзалшыларымыз Әзербайжан құрамасына қарсы жолдастық матч ұйымдастырады. 

Қазақстан құрамасы соңғы ресми матчтарын 2025 жылдың қыркүйек айында өткізген болатын. Еуропа чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінде Италияға қарсы екі ойынның қорытындысы бойынша командамыз жеңіліп, құрлықтық додаға жолдама ала алмады.

Қазақстан футзал құрамасының бас бапкері Какау алдағы матчқа 16 ойыншыны шақырды. Жолдастық ойындар халықаралық жарыстарға дайындықтың маңызды кезеңі саналады. Бұл кездесулер бапкерлер штабына ойыншылардың қазіргі жағдайын бағалап, негізгі құрамды айқындауға мүмкіндік береді.

Кездесу сағат 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться