Еуропа алпауыттарының текетіресі: Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жолдамасы сарапқа салынады

Чемпиондар лигасының финалы 30-мамыр күні Будапеште «Пушкаш-Арена» стадионында өтеді.

Еуропа алпауыттарының текетіресі: Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жолдамасы сарапқа салынады

Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта кездесулер 14-15 сәуір күндері өтеді. Бұл кезеңде Еуропаның үздік клубтары жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Испанияның екі алыбы өзара мықтыны анықтаса, «Ливерпуль» қазіргі чемпионды жарыстан шығаруға тырысады. Ал «Бавария» мен «Реал» текетіресінде тартыс күшейе түспек. «Спортинг» болса Лондонда камбэк жасауға үмітті.
14-сәуір күні «Атлетико» - «Барселона» матчы өтеді. Бұл командалардың УЕФА турнирлеріндегі барлық кездесулері Чемпиондар лигасының ширек финалында өткен. «Атлетико» екі матчта да - 2013/14 маусымында (жалпы есеп 2:1) және 2015/16 маусымында (3:2) жеңіске жеткен. Мадридтік клуб еурокубоктарда өз алаңында испаниялық қарсыластарға қарсы соңғы 10 матчта жеңілмеген (8 жеңіс, 2 тең ойын).
Команда 1997 жылдан бері Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өз алаңында жеңілмей келеді. Осы уақыт ішінде 21 матчта 14 жеңіс, 7 тең нәтиже тіркелген.
«Ливерпуль» мен «Пари Сен-Жермен» командалары бұған дейін екі рет кездесіп, екі жағдайда да «ПСЖ» басым түскен. «Ливерпуль» соңғы сегіз ширек финалдың алтауында жеңіске жеткен. Егер ағылшын клубы жартылай финалға шықса, бұл олардың турнир тарихындағы 13-ші жетістігі болмақ.
«ПСЖ» соңғы жылдары тұрақты нәтижемен ерекшеленіп жүр. Париждік клуб ағылшын командаларына қарсы соңғы 11 матчтың тек біреуінде ғана жеңілген. 
Ал, 15 сәуір күні «Бавария» - «Реал» матчы өтеді. «Реал» соңғы төрт матчта «Бавариядан» басым түскен. Оның ішінде өткен маусымдағы жартылай финал да бар. Дегенмен, «Бавария» өз алаңында өте сенімді өнер көрсетеді. Соңғы 28 матчтың тек біреуінде ғана жеңілген.
Тарихқа көз жүгіртсек, «Бавария» 30 кездесудің 29-ында келесі кезеңге өткен.

«Арсенал» - «Спортинг» матчына келер болсақ, «Арсенал» еурокубоктарда «Спортингтен» әлі жеңілген жоқ (3 жеңіс, 3 тең ойын). Алайда соңғы екі ойында португалиялық клуб пенальти сериясында жеңіске жеткен. 

Қарымта ойындар нәтижесінде Чемпиондар лигасының жартылай финалистері анықталады. Матчтарды жанкүйерлер тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан тамашалай алады. 

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться