Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжанды ірі есеппен жеңді
Құрамамыз 5-15 сәуір аралығында Ақтауда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
kff.kz
Қазақстан құрамасы Ақтауда өткен жолдастық кездесуде Әзербайжан командасын ірі есеппен жеңді. Ойын 9:2 есебімен Какау шәкірттерінің пайдасына аяқталды.
Кездесу барысында қазақстандық футзалшылар шабуылда жоғары нәтиже көрсетті. Есепті 14-минутта Лео Игита ашса, араға көп уақыт салмай Әбдірасул Әбдуманапұлы да мергендігімен көзге түсті. Одан кейін Альберт Акбаликов қарсылас қақпасын дәл көздеп, есеп айырмасын ұлғайтты.
Екінші таймда да Қазақстан құрамасы басымдығын жоғалтқан жоқ. Біржан Оразов дубль авторы атанса, Дамир Қайырбай, Ақеділ Мадияров (2 гол) және Арнольд Кнауб та гол салды.
Ал, Әзербайжан сапынан Новруз Казыханов пен Октай Рустамли ғана гол соғып, есеп айырмасын қысқартуға тырысты.
Айта кетейік, қос команда 15 сәуір күні Ақтауда BS Arena спорт кешенінде тағы бір жолдастық матч өткізеді.