Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде ТОП-5 қатарына енді

Допинг дауына байланысты 1 жылға бокстан шеттетілгеніне қарамастан Жәнібек Әлімханұлы рингтегі жоғары нәтижелерін сақтап келеді.

Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде ТОП-5 қатарына енді kazlenta.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте жоғары орынға көтерілді. Boxing Metrics нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылардың жаңартылған P4P рейтингінде отандасымыз бесінші орынға жайғасты.

Рейтинг көшін жапониялық Наоя Иноуэ бастап тұр. Одан кейінгі орындарда украиналық Александр Усик, америкалық Теренс Кроуфорд және Шакур Стивенсон орналасқан. Ал Жәнібек Әлімханұлы бұл тізімде бесінші сатыға көтеріліп, ресейлік Дмитрий Бивол мен мексикалық Сауль Альварес секілді атақты боксшыларды артта қалдырды.

Айта кетейік, желтоқсан айында Әлімханұлының допинг сынамасынан  тыйым салынған зат - мельдоний табылғаны мәлім болды. Соның салдарынан WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен жоспарланған жекпе-жек өтпей қалды. Кейін екінші сынама да оң нәтиже көрсетіп, қазақстандық былғары қолғап шебері 1 жылға бокстан шеттетілді. 

Соған қарамастан, Жәнібек Әлімханұлы рингтегі жоғары нәтижелерін сақтап келеді. Оның соңғы жекпе-жегі 2025 жылдың 5 сәуірінде өтті. Сол кездесуде ол франциялық Анауэль Нгамиссені бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғап қалды.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы әлемдік бокс элитасындағы орнын нығайтып, Қазақстан спортының абыройын халықаралық деңгейде асқақтатып келеді.

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться