Дембеленің дублі «ПСЖ»-ны Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығарды

«ПСЖ» «Энфилдте» «Ливерпульді» жеңді.

Дембеленің дублі «ПСЖ»-ны Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығарды uefachampionsleague

Францияның «ПСЖ» клубы  сырт алаңда «Ливерпульді» жеңіп, УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алды. Кездесудің басты қаһарманы, дубль авторы Усман Дембеле. 

Ойынның алғашқы минуттарын алаң иелері белсенді бастады. Александр Исак бұрыштамадан кейін баспен соққы жасап, қақпашы Матвей Сафоновтың қырағылығын тексеріп көрді. Кейін қонақтар қарқынын күшейтіп, Дембеле бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. Оның бір соққысын Георгий Мамардашвили қайтарса, тағы бір мүмкіндікте француз шабуылшысы қақпадан сәл мүлт кетті.

Бірінші тайм ортасында «ПСЖ» капитаны Маркиньос командасын голдан аман алып қалды. Ол Вирджил ван Дейктің қауіпті соққысына тосқауыл қойып, допты қақпа сызығынан шығарды.

Үзілістен кейін алаң иелері қайта шабуылға көшкенімен, шешуші сәтте Дембеле шеберлігін көрсетті. Франциялық футболшы 72-минутта айып алаңы сыртынан дәл соққы жасап, есеп ашты - 1:0. 

Кездесудің соңғы минуттарында (90+1) Дембеле тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсіп, ПСЖ-ның жеңісін түйіндеді - 2:0. 

Осылайша Луис Энрике шәкірттері екі матчтың қорытындысы бойынша қарсыласынан басым түсіп, жалпы есепте 4:0 есебімен жартылай финалға жолдама алды.

Telegram
Самое интересное из мира спорта в нашем Telegram-канале Insports.kz
Подписаться