XDS Astana Development Team әлемдік деңгейдегі жастар командалары арасында көш бастады
Қазақстандық команда рейтингте Біріккен Араб Әмірліктерінің, Бельгияның командаларын артта қалдырды.
XDS Astana Team
Қазақстандық XDS Astana Development Team командасы бейресми жастар рейтингінде әлемдік деңгейде бірінші орынға көтеріліп, үлкен жетістікке қол жеткізді.
Аталған рейтингте қазақстандық ұжым өзге де мықты жастар командаларын артта қалдырды. Атап айтқанда, екінші орындағы UAE Team Emirates Gen Z, үшінші сатыдағы Soudal Quick-Step Devo Team және төртінші орындағы Red Bull - BORA - hansgrohe Rookies секілді танымал веложобалардан озып тұр.
XDS Astana Development Team-ның бұл жетістігі жас спортшылардың қарқынды дамуы мен кәсіби деңгейінің өскенінің нәтижесі. Команда құрамындағы велошабандоздар халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстан велоспортының беделін арттыруға зор үлес қосуда.
Сарапшылардың пікірінше, дәл осындай қарқын сақталса, XDS Astana Development Team жақын жылдары әлемдік велоспорттағы негізгі күштердің біріне айналады.